Азиада: Қазақстандық хоккейшілер камбэк жасады (ВИДЕО)
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізді.
Олег Болякин шәкірттері А тобындағы бірінші орынды Оңтүстік Кореямен сарапқа салды.
Корейліктер алғашқы болып есеп ашты. Бірінші кезеңде Кан Юн-Сок мергендік танытты. 1:0 нәтижесі үшінші кезеңге дейін сақталды. Қазақстан құрамасы сапында Артем Лихотников таразы басын теңестірді. Ал кездесу соңында Роман Старченко таблодағы көрсеткішті 2:1-ге жеткізді.
Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңді 15 ұпаймен аяқтап бірінші орынға ие болды. Ал Оңтүстік Корея еншісінде 11 ұпай.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.