Азиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер 24:0 есебімен жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

Хоккейден Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындардың ширек финалдық матчын өткізді. 

Азиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер 24:0 есебімен жеңіске жетті
optimizm.kz

Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда қытайлық Гонконг құрамасымен кездесіп, қарсыластарына 24 шайба салды.

Жігіттеріміз қарсыластарына ешқандай мүмкіндік берген жоқ. Алғашқы кезеңде 8 гол, екінші кезеңде 7 шайба, ал соңғы кезеңде 9 шайба соқты.

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер қарсыласын жарыс жолынан тайдырып, жартылай финалға жолдама алды.