
"Барыс" бас бапкері Ғалым Мамбеталиев рейтингте 23-орында.
"Чемпионат" басылымы 2024/2025 маусымындағы Құрлықтық хоккей лигасы жаттықтырушыларының жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл рейтинг клубтағы бапкерге деген сенім, команданың нәтижесі, ойын сапасы және қоғам пікірі негізінде жасалды.
"Барыс" бас бапкері Галым Мамбеталиев рейтингте 23-орын алып, ең соңғы орында қалды. Ол өткен аптадағы көрсеткішін жақсарта алмады. Қазақстандық клубтың сәтсіз маусымы бапкердің позициясына тікелей әсер етті.
"Барыс" командасы үшін бұл рейтинг алаңдататын көрсеткіш. Егер команда маусым соңына дейін нәтижелерін жақсарта алмаса, бапкердің болашағына қатысты сұрақ көбейері сөзсіз.