Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барыстың" көшбасшысы қатардан жарты жылға шығып қалды

Редактор Penalty.kz
05.03.2025, 21:53

"Барыс" хоккей клубының негізгі қақпашысы Никита Бояркин ауыр жарақат алып, алдағы алты ай бойы мұз айдынына шыға алмайды.

sportbox.ru
sportbox.ru

Қақпашының агенті Шуми Бабаев спортшының Германияның Мюнхен қаласында операцияны сәтті жасатқанын мәлімдеді.

Ойыншы ақпан айының соңында “Ладаға” қарсы матчта алдыңғы крест тәрізді байламдарын зақымдап алған. Осы жарақатына байланысты Бояркин алдағы жарты жылда мұз айдынына қайта орала алмайды. Ол 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсете алмайды.

"Никита Бояркин Мюнхенде сәтті ота жасатты. Өкінішке қарай, оның қалпына келу мерзімі кемінде алты айға созылады. Осы себепті ол Қазақстан құрамасына әлем чемпионатында көмектесе алмайды", – деп жазды Бабаев өз Telegram-арнасында.

Бояркиннің маусымдағы статистикасы

  • Қазіргі маусымда 37 матч өткізді (жарақат алған ойынды есептемегенде).
  • Орташа есеппен 92,4% соққыны қайтарды.
  • Қақпаға сенімділік коэффициенті – 2,45.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір