Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барыс" сенсация жасады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.03.2025, 23:00

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында өз мұз айдынында Новосибирскінің "Сібір" командасын күтпеген жерден жеңді. 

Кездесу алдында букмекерлер мен сарапшылар "Сібір" командасын анық фаворит санаған. Бірақ Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері ойын барысында мықты мінез көрсетіп, айқын жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде Әлихан Әсетов елордалықтарды алға шығарды. Үзілістен кейін Всеволод Логвин есепті 2:0-ге жеткізгенімен "Сібір" бір шайбамен жауап берді (2:1).

Үшінші кезеңде астаналықтар ойынды өз пайдасына аяқтады. Никита Сетдиков дубль жасап, кездесуді 4:1 есебімен түйіндеді. 

"Барыс" (Астана) – "Сібір" (Новосибирск) 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

Шайбалар:

1:0 – 17:54 Әсетов (Бекетаев, Қайыржан). Көпшілікте

2:0 – 27:46 Логвин (Симонов). Тең құрамда

2:1 – 31:25 Белоусов (Пьянов). Тең құрамда

3:1 – 58:59 Сетдиков (Бекетаев) Тең құрамда, бос қақпаға

4:1 – 59:42 Сетдиков. Тең құрамда, бос қақпаға

8 наурызда "Барыс" Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір