Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мүгедек арбасына таңылған Александр Емельяненко спорттан кетпейтінін мәлімдеді

Редактор Penalty.kz
10.04.2025, 18:13

Ауыр салмақтағы танымал ресейлік файтер Александр Емельяненко омыртқасына операция жасатқаннан кейін уақытша мүгедек арбасына таңылса да, мансабын аяқтауға ниетті емес.

sports.kz
sports.kz

Қазір 43 жастағы Емельяненко өздігінен қозғала алмайды. Дегенмен дәрігерлер ұсынған мүгедектік статусынан бас тартқанын ашық айтты.

“Дәрігерлер спортқа, әсіресе ММА-ға қайта оралмауды ұсынады. Мүегедектік алуға кеңес берді. Дәрігер: “Бұл — оңай рәсім, ал сен неге бас тартасың?” дейді. Не үшін? Мүгедектерге арналған тегін автотұрақ үшін бе? Әрине, мен бас тарттым. Мен қайта оралуым керек екенін білемін — міндетті түрде ораламын. Менде бәрі жақсы. Бұдан да қиын жағдай болған”, – деді спортшы.

29 наурызда Емельяненко блогер Артём Тарасовпен реванш өткізеді деп жоспарланған. Бірақ омыртқасындағы жарық салдарынан аяқтары жансызданып, жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Александр Емельяненко соңғы рет октагонға былтыр желтоқсанда шыққан. Ол NFL 2 турнирінде (Назрань) бірінші раундта-ақ Алексей Гончаровты нокаутпен жеңді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір