Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Редактор Penalty.kz
13.04.2025, 21:39

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті.

t.me/prokzsport
t.me/prokzsport

Милад Карими Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Осиек қаласында (Хорватия) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңіне қатысып, финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті. Ол бұл жаттығуда 14.666 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Бұл — Каримидің аталған турнирдегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған болатын.

Финалдағы екінші орынды Израиль атынан қатысқан Александр Мякинин иеленді — 14.433 ұпай. Ал үшінші орын Қытай гимнасы Чени Се-ге бұйырды — 14.300 ұпай.

Осиекте Қазақстан құрамасы жалпы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек, Нариман Құрбанов та жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол аттың қырымен жаттығуда қола медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір