Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Амангелді Сейітхан атындағы кубоктың иегері белгілі болды

Редактор Penalty.kz
10.05.2025, 20:05

Алматыда Амангелді Сейітханды еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир мәреге жетті. Тартысты додадаға ел аймақтарынан келген қаламы жүйрік журналистерден құралған 14 команда қатысты. 

24.kz
24.kz

Журналистер арасындағы футбол турнир жыл сайын Амангелді Сейітханның туған күні қарсаңында өтеді. Мамыражай уақытта дүниеге келген арда азаматты әріптестері, ұстаздары мен артынан ерген інілері ерекше сағынышпен еске алды. Аяулы әріптесіміз 2021 жылы 52 жасында өмірден өтті. 

Дәстүрлі турнир биыл бірінші рет чемпиондар лигасының форматында өтті. Әлемдік үрдіске сай әр команда үш ойыннан өткізіп, жоғары ұпай жинағаны жүлдеге таласты.

“Алыстан ат терлетіп келген командаларға риашылығым мол. Дәл осындай ағалар тұрған кезде, дәл осындай ұжым тұрған кезде меніңше бұл турнирдің брендке айналары бұл кәміл сенім. Және соған келе жатырмыз деген ойдамын жалпы. Кейін де өзінің жалғасын таба береді деген ойдамын”, – Аман ағаның ұлы Бекасыл Амангелдіұлы.

Бекасыл Амангелдіұлы

Турнир нәтижесінде Қызылорданың “Ақмешіт” командасы бірінші орынды иемденді. “Күміс” тараздық журналист-футболшыларға бұйырса, үздік үштікті астананың “Қазмедиа” ұжымы түйіндеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір