Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан байдарка мен каноэ есу бойынша Азия чемпионатының "алтынын" жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
10.05.2025, 16:55

Қытайдың Наньчан қаласында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова 500 метрлік каноэ-екілік жарысында топ жарды. 

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Көшбасшы жұп — тағы да алтын иегері

Емельянов пен Искакова бұл қашықтықта 2023 жылы да үздік болған еді. Ол кезде спортшылар Жапония астанасында өткен лицензиялық Азия чемпионатында дәл осы 500 метрлік сайыста жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қос спортшы өз үстемдігін тағы бір мәрте дәлелдеп, құрлықтағы үздік дуэт екенін айқын көрсетті.

Байдаркамен 500 метр қашықтықта Қазақстан әйелдер құрамасы жеңімпаз атанды. Қытай командасы күміс, Жапония үздік үштікті түйіндеді. 

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктор Степанов 200 метрге жарыста (каноэ) күміс жүлдеге қол жеткізді. Мұнда соңғы сәтке дейін басымдығын уысынан шығармаған қытайлық Ю Ебин жеңіске жетті. Үздік орынға Жапонияның ескек есу шебері Рио Наганума көтерілді. 

Ал Ольга Шмелёва 200 метрге жарыста (байдарка) 3-орын алды. Осылайша, ол Наньчандағы жүлделер санын 3 алтын, 2 қолаға жеткізді.

Қазір Қазақстан командасында 4 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір