Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Амангелді Сейітхан атындағы шағын футболдан республикалық турнир басталды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 13:07

Алматыда қазақ спорт журналистикасының көрнекті тұлғасы, спорт  комментаторы, тележурналист, Ақпарат саласының үздігі Амангелді Сейітхан атында шағын футболдан 4-ші республикалық турнир басталды. 

instagram/@baqliga
instagram/@baqliga

Жиналғандар журналисті еске алып, жылы естеліктерімен бөлісті. “Қазақ спортының қайрағы” атанған Амангелді Сейітхан “Хабар” арнасында 20 жылдан астам уақыт қызмет етті. Бес олимпиада ойындарында хабар таратты. Футболдан әлем чемпионатын тұңғыш рет қазақ тілінде жүргізіп, спорт журналистикасының дамуына зор үлес қосты.

Аяулы азаматты еске алуға арналған байрақты бәсекеге елдің әр аймағынан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған 14 команда келді. 

“Амангелдінің “Жеңісті күндерде жүздескенше!” деген жарқын дауысы баршамызды желпіндіретін. Амангелдінің ең үлкен қасиеті ұлттық спорт пен әлемдік спортты біріктірді. Былай айтқанда, футбол мен көкпарды Амангелдінің бойынан бірдей табылатын. Барлығына керек сөз табатын, барлығына теңеу табатын. Амангелдіге ғана құрмет емес, бұл қазақ спортына, өмірден өтіп кеткен біздің журналистерімізге құрмет”, – деді ардагер журналист Қайнар Олжай. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір