Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының алғашқы медалін иемденді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
12.05.2025, 03:15

21 жастағы алматылық зілтемірші Пётр Хребтов Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. 

Instagram/@qaz_team_official
Instagram/@qaz_team_official

Азия чемпионатындағы тарихи қола

2025 жылғы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Пётр Хребтов үшін ерекше есте қалды. Алғаш рет халықаралық жарыста жүлдеге ілініп, ел намысын абыроймен қорғады. Хребтов қоссайыс нәтижесі бойынша 333 келіні көтеріп, үшінші орын алды.

Турнир қорытындысы:

  1. Абдулла Рахмат Ервин (Индонезия) — 360 кг
  2. Ву Хайфен (ҚХР) — 334 кг
  3. Пётр Хребтов (Қазақстан) — 333 кг

Жеңімпаз — Олимпиада-2020 жүлдегері және әлемнің екі дүркін чемпионы Абдулла Ервин екені ескерілсе, Хребтовтың көрсеткіші жоғары деңгейде екені анық.

Қазақ тілінде алғаш рет сұхбат берді

Пётр Хребтов жарыстан кейін қазақ тілінде алғаш рет сұхбат беріп, әсерімен бөлісті:

"Атмосфера өте жақсы болды. Жағдай маған ұнады. Қатты қуаныштымын. Алты тәсілді орындау жоспарланған еді. Соның бәрін сәтті орындадық. Қазылар әділ бағасын берді деп ойлаймын. Дайындық жоғары деңгейде өтті — алғашқы жиын Түркияда болды. Барлық жоспарды орындап, нәтижесін көрсеттік. Бұл — менің халықаралық деңгейдегі алғашқы медалым. Өте қуаныштымын, қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғысым шексіз. Қарсыластар арасында Олимпиада жүлдегері де болды. Уайымдамаңыздар, біз де сол деңгейге жетеміз. Келесі мақсат — 2028 жылғы Олимпиада".

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір