Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

“Қызымның намысын таптамаңдар!” - Бибісара Асаубаеваның анасынан елге ауыр сөздер айтылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 10:31

Шахмат әлемінде Қазақстанның мақтанышына айналған Бибісара Асаубаева соңғы уақытта әлеуметтік желілерде сынның нысанасына айналды. Бұл жағдайға қатысты оның анасы Лиана Таңжарықова үн қатып, бейнеүндеу жолдады.

newtimes.kz
newtimes.kz

“Қазақтар бір-бірін қолдауы тиіс”

“Бұл видеоны мен барлық отандастарыма арнап жазып отырмын. Қазір Facebook пен Instagram желілерінде Бибісараға қатысты айтылып жатқан сындарға жауап ретінде үн қатқым келеді. Оның қазақ тілін жетік білмейтіні үшін жасалып жатқан хейт, шынымен, жанға батады.

Бибісара орыс және ағылшын тілдерін өте жоғары деңгейде меңгерген. Қазақ тілін де үйреніп жүр. Ол – Қазақстанның шахматтан бірінші нөмірлі ойыншысы. Бибісара ел атынан әлемдік аренада интеллектуалдық спорт түрі – шахматта ел намысын қорғап жүр. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында шетелден жазылған мыңдаған оқырман бар.

Ал сіздер жазған дөрекі әрі жеккөрінішті пікірлер арқылы біз қазақтар осындаймыз деп көрсетіп отырсыздар. Сонда қазақтар өз қандасын осылай қорлай ма деп әлемге жария қыласыздар ма? Бұл – біздің тәрбиемізге, болмысымызға жат. Қазақ ешқашан бауырын аяққа таптамайды. Біз — бір-бірімізге демеу болатын, мейірімді, тәрбиелі халықпыз. Ұлттық кодымыз — осы. Қазақ ұлтының басты құндылығы — бауырмалдық пен сыйластық», — деді ол бейнеүндеуде.

“Мейірімді болайық, бірге болайық”

“Сіздерге, мүмкін, жазғаныңыз бәрібір шығар, бірақ мен сіздер үшін шын жүректен ұяламын. Сондықтан мен жақсылыққа, бейбіт өмірге, бір-бірімізді сүюге шақырамын. Біз — бір елдің азаматтарымыз. Бізді әлемге танытып жүрген жандарға қолдау көрсету — парызымыз. Жүректеріңізде тыныштық пен ізгілік орнасын. Қазақтар — әлемдегі ең керемет ұлттардың бірі екенін ұмытпаңыздар. Сіздерге деген сүйіспеншілікпен, Бибісараның анасы”, — деді Лиана Таңжарықова.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева — Қазақстанның ең жас халықаралық гроссмейстері және Азия мен әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін чемпионы. Ол шахмат әлемінде ел атын танытып жүрген санаулы спортшылардың бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір