Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Күтпеген оқиға! Америкалық желаяқ "домалап" жүріп алтын алды! (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 14:05

Кедергіден сүрінген америкалық Бруклин Андерсон жүгіріп емес, домалап жүріп, жеңіске жетті.

People.com
People.com

АҚШ-тағы Орегон штатының чемпионатында таңқаларлық оқиға тіркелді. 100 метрге кедергілермен жүгіруде америкалық спортшы қыз Бруклин Андерсон мәреге “домалап” жетіп, алтын медаль иеленді.

Бруклин Андерсон жарыс барысында көш бастап келе жатқан. Алайда соңғы кедергіге келгенде сүрініп, жолға құлаған. Осы сәтте көпшілігі оның жүлдеден айырылғанына сенгенімен, спортшы күтпеген шешім қабылдап, бірнеше рет домалап, мәрені бірінші болып кесіп өтті.

"Бар есімде қалғаны — мен бұрынғы гимнастика тәжірибеме қайта оралғандай болдым. Басқалардың қаншалықты жақын екеніне сенімді болмадым, сондықтан тоқтамай, бар күшіммен мәреге жетуге тырыстым", — деді жеңімпаз қыз Daily Mail-ге берген сұхбатында.

Бұл ереже бойынша заңды ма?

Иә. Жеңіл атлетика ережелеріне сәйкес, спортшы құлағаннан кейін де егер ол өз жолағында қалып, мәрелік сызықты денесінің кез келген бөлігімен кессе, нәтиже есепке алынады. Бұл жағдайда Андерсонның әдісі ешқандай ережені бұзған жоқ.

Әлеуметтік желіде резонанс

Оқиға әлеуметтік желілерде кең талқыланып, спортсүйер қауым екіге жарылды:

«Саналы реакция! Нағыз ерік пен жігердің үлгісі!»

«Мұндай да бола ма екен?»

«Бұлай кедергілерді басып өтсе де жеңіс есептеле ме?»

«Жолақтан шықпағаны — үлкен сәттілік!»

Айта кетейік, Бруклин бұған дейін спорттық гимнастикамен айналысқан. Бұл дағдысы оған тез шешім қабылдауға және денесін шеберлікпен басқаруға көмектескен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір