Қазақстан соккадан Кишиневте өтіп жатқан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын сәтті аяқтап, плей-оффқа жолдама алды.
Үшінші тур аясында Қазақстан құрамасы Венгриямен кездесіп, Қасым Қылыштың дублі арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан 7 ұпаймен В тобының көшін бастады. Бұл нәтиже ұлттық құраманың 1/8 финалға шығуына жол ашты. Бұған дейін қазақстандықтар Кипрді 6:0 есебімен ойсырата жеңсе, Литвамен 1:1 есебімен тең түсті.
Сокка Еуропа чемпионаты 2025 жылы 4-8 маусым аралығында Молдованың Кишинев қаласында өтіп жатыр.
Сокка (socca) — шағын футболдың бір түрі. Бұл форматта 6 ойыншыдан құралған екі команда 20 минуттық екі тайм ойнайды. Ерекшелігі — алаң көлемі мен ойын ережелерінің икемділігінде.