Садақ ату: Қазақстан Азия кубогында тағы алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының қоржынына Сингапурдағы садақ атудан Азия кубогында екі алтын жүлде түсті.
Құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Қазақстан ерлер командасы финалда үндістандық спортшыларды жеңді. Есеп: 235-231. Ел намысын Андрей Тютюн, Мұса Ділмұхамет пен Буниед Мирзаметов қорғады.
Осымен Азия кубогының екінші кезеңі аяқталды. Ұлттық құрама бәсекеде 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.
- алтын - Қазақстан ерлер құрамасы
- алтын - Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн (микст);
- қола - Қазақстан әйелдер құрамасы (Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова);
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.