Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық гимнасшы Болгарияда таңдай қақтырды

Редактор Penalty.kz
20.06.2025, 14:16

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында үшінші мәрте финалға өтті.

sports24.kz
sports24.kz

Болгарияның София қаласындағы жаһандық додада Қазақстанның жас спортшысы тағы бір мәрте көзге түсті: көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ақмарал Ерекешева үшінші рет финалға жолдама алды.

Жарыстың екінші күнінде Ерекешева лентамен жаттығу бағдарламасы бойынша 25.700 ұпай жинап, бұл бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшы атанды. Осылайша, ол әлем біріншілігінің үшінші финалына шықты.

Бұған дейін Ақмарал доппен және шеңбермен жаттығу түрлерінде де ең жоғары балл алып, финалға өткен болатын. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі шеберлігінің айқын дәлелі.

Айғаным Рысбек те финалда

Ақмаралдан бөлек, тағы бір қазақстандық гимнаст — Айғаным Рысбек те өз өнерімен ерекшеленді. Ол булавамен жаттығуда төртінші орынға ие болып, финалға шықты. Енді ол да жүлдеге таласуға мүмкіндік алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір