Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қайрат" пен "Семей" финалда нағыз драма тарту етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Алматыда футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясындағы үшінші матч үлкен шиеленіспен аяқталды. "Қайрат" пен "Семей" негізгі және қосымша уақытта жеңімпазды анықтай алмай, бәрі пенальти сериясына ұласты.

Голдарға толы тартыс

Алғашқы таймда-ақ командалар бір-бірін алаңсыз шабуылдап, есеп 1:1 болды. "Семей" сапында алғашқы голды Габриэль Кандидо соқса, "Қайрат" жағынан жауапты Біржан Оразов қайырды. Арада екі-ақ минут өткенде, 29-минутта Жулио Занотто алматылықтарды алға шығарды. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады — 31-минутта Ринат Төреғазин таразы басын қайта теңестірді. 

Қосымша уақытта да тең түсті

Негізгі уақыттан кейін қосымша екі таймда да командалар бір-бір голдан алмасты. "Қайрат" сапынан Жахангир Рашит (41') гол соқса, "Семей" жауабын Дедезиньо Андерсон (43') қайтарды. Осылайша матч 3:3 есебімен аяқталды.

Пенальти сериясы — шешуші сәт

Пенальти сериясында "Қайрат" ойыншылары салқынқандылық танытып, 5:4 есебімен басым түсті. Бұл жеңіс оларға финалдық серияда 2:1 есебімен алға шығуға мүмкіндік берді.

Енді төртінші ойын шешуші болуы мүмкін. Егер "Қайрат" келесі матчта да жеңіске жетсе чемпион атанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір