Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан қысқы спорт түрінен әлемде үздік төрттік қатарында

Редактор Penalty.kz
17.07.2025, 15:50

Бұл мәлімдемені Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) фристайл бойынша рейс-директоры Андреа Ринальди жасады. Ол Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жоғары бағалап, Қазақстанның жүйелі дамуы мен халықаралық әріптестігіне ерекше назар аударды.

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Қазақстанның фристайл спорты әлемдік аренада жоғары бағаға ие болды. Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) фристайл бойынша рейс-директоры Андреа Ринальди Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесіп, Қазақстандағы қысқы спорт түрлерін дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Фристайл – Қазақстанның жаңа брендтерінің бірі

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда фристайлды – әсіресе могул және акробатикалық бағыттарды – жүйелі түрде дамыту қажеттігін атап өтті. Ринальди Алматыда биыл қаңтар айында алғаш рет өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, бұл чемпионат еліміздің фристайл спорты бойынша мүмкіндігін бүкіл әлемге паш еткен маңызды іс-шара болды. Әсіресе, жас спортшылар Дінмұхамед Райымқұлов пен Анастасия Городконың өнері ерекше әсер қалдырған.

Фото: sportarena.kz

FIS өкілі: Қазақстан – әлемнің үздік 4 елінің бірі

Андреа Ринальди Қазақстанды фристайл спорты бойынша әлемнің үздік төрт елінің қатарына қосып отыр. Оның айтуынша, бұл нәтижелер кездейсоқ емес – мемлекет тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау мен Қазақстан шаңғы спорты федерациясының Халықаралық ұйыммен тығыз әріптестігі нақты нәтижелер беріп жатыр.

«Қазақстанның фристайлдағы қазіргі орны – кәсіби басқару мен халықаралық стандарттарға сай дамудың нәтижесі. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға дайынбыз», – деді FIS өкілі.

Олимпиадаға дайындық

Министр Ербол Мырзабосынов өз кезегінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қысқы спорт түрлерін, оның ішінде фристайлды халықаралық деңгейде ілгерілетуге бар күш салынып жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы Милан-Қортина қысқы Олимпиадасына 206 күн қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір