
Биатлоншы Лаура Дальмайер Пәкістан тауларында қаза тапты. Оның денесін эвакуациялау жұмыстары жүргізілмейді.
Неміс биатлоншы, 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасының қос бірдей алтын иегері Лаура Дальмайер 28 шілде күні Пәкістандағы Қарақорым тауларында қаза тапты. Ол 5700 метр биіктіктегі әйгілі Лайла шыңына өрмелеп бара жатқанда кенеттен басталған тас құлаудың астында қалған.
Дальмайермен бірге болған серігі дереу құтқару қызметтеріне хабар беріп, қауіпті аймақтан өзі шыға алды. Алайда құтқару операциясы табиғи жағдайдың күрделілігіне байланысты тоқтатылды.
Лаура Дальмайердің отбасы неміс БАҚ-тарына мәлімдеме жасап, оның көзі тірісінде жазбаша түрде қалдырған тілегін жария етті:
"Лаура өмірі қауіпке төнген жағдайда ешкім оның өмірін құтқару үшін қауіпке бармауы керек деген өтініш қалдырған. Бұл жағдайда ол денесін тауда қалдыруды қалаған".
Тікұшақпен жүргізілген барлау операциясы нәтижесінде спортшының тірі емесі анықталды. Оның бірден қаза тапқаны болжануда. Таулы рельеф пен тұрақты тас құлауы жағдайында эвакуация жасау — тым қауіпті.
31 жастағы Лаура Дальмайер — әлемдік биатлонның жарық жұлдыздарының бірі. Ол:
Алайда ол 25 жасында — 2019 жылы спорттық мансабын аяқтап, өзін альпинизмге арнады. 2025 жылғы 8 шілдеде ол Транго мұнарасының Ұлы шыңын (6287 м) бағындырған.