Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Спортшыларды қарызға батырды ма? Даниал Ахметовке қатысты шындық ашылды

Редактор Penalty.kz
02.08.2025, 15:15

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы 100 миллион теңгеден астам қарызбен қалған. Бұл қаржы дағдарысы бұрынғы президент Даниал Ахметовтың қызметінен кетуінен кейін белгілі болды.

Informburo.kz
Informburo.kz

Даниал Ахметов президенттік қызметінен кеткеннен кейін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының мойнында 100 миллион теңгеден астам қарыз қалған. Бұл туралы offside.kz хабарлады. 

Қаржы дағдарысы

2024 жылдың желтоқсанында Даниал Ахметов Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады. Оның орнына еліміздің ең үздік жеңіл атлеті, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова федерация басшылығына сайланған болатын.

Алайда жаңа басшылықтың жолы оңай болған жоқ. Қазір Федерация 100 миллион теңгеден астам қарызбен күресіп жатыр. Бұл туралы Sportarena.kz басылымының тілшісі Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир алдындағы баспасөз мәслихатында аталған мәселені көтерді.

Рыпакова үнсіз қалды, ал Нұрғазина мәселені мойындады

Баспасөз конференциясы барысында Ольга Рыпакова журналистің қарыз жайлы сұрағына жауап беруден бас тартты. Алайда Федерацияның жаңадан тағайындалған бас хатшысы, бұрынғы дзюдошы Келбет Нұрғазина ашық пікір білдірді:

«Иә, бізде өткен жылдан қалған қарыздар мен шешілмеген мәселелер бар. Бұл мәселені Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп шешіп жатырмыз. Олар қолдау көрсетіп, көмектесіп отыр. Қарыздың бір бөлігін жаптық, қалғаны да реттеледі», – деді Нұрғазина.

Ахметов 7 жыл басшылықта болды

Даниал Ахметов 2018 жылдан бастап жеңіл атлетика федерациясын басқарған. 2024 жылдың 11 желтоқсанында өткен жылдық жиында ол өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, өз орнына Ольга Рыпакованы ұсынды. Жиналысқа қатысқан аймақтық федерация жетекшілері мен спорттық қауымдастық бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір