Қазақстандық клуб Суперкубок қарсаңында жол апатына түсті
"Семей" футзал клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы Қазақстан суперкубогына дайындық барысында жол-көлік оқиғасына тап болды.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ
Клубтың ресми ақпаратына сәйкес, барлық ойыншылар мен бапкерлер аман-есен. Жарақат алғандар жоқ. Дегенмен осы оқиғаға байланысты “Семейдің” делегациясы баспасөз-конференциясына 10 минут кешігіп келді.
Суперкубок финалы қашан өтеді?
Айта кетсек, Қазақстан Суперкубогының финалы 23 тамыз күні Оралда өтеді. Ойын сағат 17:00-де басталады. Финалда “Семейдің” қарсыласы ел футзалының көп жылғы көшбасшысы, алматылық “Қайрат” болмақ.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.