Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәбина Алтынбекова Қазақстаннан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:38

Танымал қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова жасөспірімдер құрамасындағы қиын кезеңі мен ұлттық құрамадағы шешімін ашық айтты.

instagram/@altynbekova_20
instagram/@altynbekova_20

Жасөспірімдер құрамасындағы келіспеушіліктер

Сәбина Алтынбекова YouTube-тағы "Dinara Satzhan" арнасына берген сұхбатында 2014 жылы Қазақстан жастар құрамасында болған жағдайды еске алды.

"Маған бапкер тарапынан түсініксіз қарым-қатынас болды. Қай негізде ондай көзқарас пайда болғанын түсінбедім. Кейіннен сұхбаттар беріп, “ол ойнай алмайды, тек әдемілігі үшін назарда, жеңілістеріміздің себебі Сәбина” деген сөздер айтылды.

Әр жаттығудан соң жылап оралатынмын. Қонақүйде тұрып, бапкерге қоңырау шалып, “құрамада ойнағым келмейді, шаршадым” деп айтқан кездерім болды", – деді спортшы.

Ол бұл жағдайды ашық қақтығыс емес, "түсінбеушілік" деп атағанымен, психологиялық тұрғыдан қатты шаршағанын жасырмады.

Алтынбекованың ұлттық құрамадағы жолы

  • 2013 жылы U-23 Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасында дебют жасады;
  • 2014 жылы Тайбэйде өткен U-19 Азия чемпионатынан кейін бүкіл Азияға танылды;
  • 2013–2018 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының бірі болды;
  • 2018 жылдан кейін құрамаға тұрақты түрде шақырылмай қалды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір