Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада жеңімпаз атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада бірінші орын алды.

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада жеңімпаз атанды
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.

Екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді - 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті.

Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев - 16-шы (59.33), Олег Мельников - 17-ші орынға жайғасты (54.19).

Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.

Мемориал туралы

Денис Тен мемориалы – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылатын халықаралық турнир.

Тарихы мен мақсаты:

  • Мемориал алғаш рет 2019 жылы, спортшы қаза болғаннан кейін бір жыл өткен соң өткізілді.
  • Негізгі мақсат – Денис Теннің есімін ұлықтау, оның спорттағы мұрасын сақтау және жас мәнерлеп сырғанаушыларға қолдау көрсету.
  • Турнир жыл сайын өтетін дәстүрлі спорттық шараға айналып келеді.

Денис Тен Қазақстандағы мәнерлеп сырғанаудың дамуына зор үлес қосты. Оның мемориалы – тек спорт жарысы емес, мәдени-ағартушылық іс-шара ретінде де маңызы бар.

Дереккөз: Olympic.kz

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір