
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорт түрлерінен құрлықтық чемпионатта қазақстандықтар табысты өнер көрсетіп жатыр.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Азия чемпионы атанды. Ол финалда 23.74 секундтық нәтиже көрсетіп, барлық қарсыласынан озып шықты.
Осы қашықтықтағы шешуші сында Мусиннің командаласы Максим Сказобцов мықтылық танытып, 23.90 секундтық уақытпен үшінші орын алды.
Әйелдер арасында да қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалған жоқ:
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан командасы Азия чемпионатында 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ел қоржынына тағы төрт жүлде қосылды: бір алтын, бір күміс және екі қола.