Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Барыс Аренаға» жұмсалатын қаражат жұртты шошытты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның спорт инфрақұрылымындағы ең ірі нысандардың бірі — «Барыс Арена» мұз сарайын күтіп ұстауға және капиталдық шығындарға алдағы бес жылда шамамен 41 млрд теңге жұмсалмақ. 

«Барыс Аренаға» жұмсалатын қаражат жұртты шошытты
mtexm.com

2024–2028 жылдарға арналған бюджет деректері

KazTAG агенттігінің жазуынша, 22 қазанда таныстырылған бюджет жобасында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, мемлекеттік қаржы келесідей бөлінеді:

  • 2024 жыл – 7 653 765 мың теңге
  • 2025 жыл – 9 637 254 мың теңге
  • 2026 жыл – 8 522 786 мың теңге
  • 2027 жыл – 7 582 730 мың теңге
  • 2028 жыл – 7 582 730 мың теңге

Жалпы алғанда бұл кезеңде мемлекет тарапынан 41 миллиардқа жуық теңге жуық жұмсалуы жоспарланып отыр.

Қаржы неге жұмсалады?

Құжатта бұл қаражат мемлекеттік инвестициялық жобалар шеңберінде «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайын сенімгерлік басқару объектісінің капиталдық шығындарын өтеуге бағытталатыны жазылған.

Яғни бұл — нысанды ұстау, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындар.

Басқарушы компания мен дау

Қазір «Барыс Арена» «Mtex Management» ЖШС сенімгерлік басқаруында. Бұған дейін аталмыш компанияның аты бірнеше даулы жағдайға байланысты аталған. 

Мәселен жыл басында БАҚ-та «Астана Арена» мен «Алау» стадиондарының жөндеу жұмыстарына 20,9 млрд теңге сұралды деген ақпарат шыққан соң, «Mtex Management» бұл мәліметті жалған деп атап, KazTAG-ке сотқа дейінгі талап қойған.

Алайда журналистік материал ресми қаржылық құжаттарға сүйеніп жазылған еді. Бұл жағдайға байланысты Туризм және спорт министрлігі де түсініктеме беріп, «құжаттағы ақпарат «жалған» деп айтуға болмайды» деген ұстаным білдірген.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі де араласқан

Сол уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де «Mtex Management» компаниясына қатысты зерттеу бастаған. Себебі ұйым астаналық үш спорт нысанын — «Астана Арена», «Барыс Арена» және «Алау» кешендерін бір мезетте басқаруы нарықтағы монополиялық тәуекелдер туғызуы мүмкін деген пікір айтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір