Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт 65 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.
65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, 123 келі нәтижемен екінші орынды иеленді. Бұл көрсеткіш оған Азиада күмісін сыйлап, Қазақстан құрамасына тағы бір медаль әкелді.
Аталған салмақ дәрежесінде алтын медальді КХДР спортшысы Чжин Мен Во жеңіп алды. Ол Ерсейттен небәрі 1 келіге артық, яғни 124 келі көтерді.
Үздік үштікті Сауд Арабиясы өкілі Абдулла Алмохаймед қорытындылады — оның нәтижесі 122 келі.