Қазақстандық ауыр атлет әлем рекордын жаңартып, Азиада «алтынын» иемденді
Әлихан Әскербай 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының (Манама, Бахрейн) чемпионы атанды.
olympic.kz
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлихан Әскербай «серпе көтеру» жаттығуында 144 келіні бағындырды. Бұл — оның өз рекордын жаңартқан нәтижесі. Осы көрсеткіш арқылы ол жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын, Азия рекордын және жасөспірімдер Азия ойындарының рекордын жаңартты.
Нәтижелер тізімі:
- Әлихан Әскербай (Қазақстан) — 144 кг
- Чен Синсин (Қытай) — 143 кг
- Хаетбек Ерматов (Өзбекстан) — 131 кг
Жарыстың келесі кезеңінде спортшылар «жұлқа көтеру» жаттығуында күш сынасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet