ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Азиада-2025: қазақстандық дзюдошы алтын медаль жеңіп алды

Естеріңізге салсақ, Азиада ойындары Бахрейн елінде өтіп жатыр.

Азиада-2025: қазақстандық дзюдошы алтын медаль жеңіп алды
Сурет: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Еркен Бекәлі жеңімпаз атанды.

Ол 66 келіге дейінгі салмақтың финалында қарсыласынан басым түсті.

Бекәлі шешуші белдесуде Ауғанстан спортшысы Башир Кадириден айласын асырды.

Әзірге жалпы турнирлік кестеде Қазақстан құрамасы төртінші орында келе жатыр. Құрамамыздың қоржынында 50-ден астам медаль бар. Оның 16-сы алтын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.