Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында қос камбэк жасады

Сарапшы, спорт журналисі

«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Асқар Смақов шәкірттері Чехияның 16 дүркін чемпионы «Хрудимге» қарсы шықты. 

«Семей» клубының Еуропадағы ерлігі

Ойынның алғашқы минуттарында чехиялықтар екі гол соғып, басымдыққа ие болды. Алайда Габриэль Кандидо мен Бруно Гомес есепті теңестірді. «Хрудим» қайтадан алға шыққанымен үзіліс алдында Гоместің голы «Семейге» үміт сыйлады.

Екінші кезеңде қазақстандық команда нағыз футзал шоуын көрсетті. Шыңғыс Есенамановтың дәл соққысынан кейін Кандидо дубль рәсімдеп, Камиль Герейханов есепті 7:5-ке жеткізді. Соңғы минуттарда Марсело мен Әбдірасұл Әбдуманапұлы нәтижені түйіндеп, матчты 9:5 есебімен аяқтады.

Бразилиялық легионер Кандидо бұл ойында хет-трик авторы атанып, матчтың ең үздік ойыншысы деп танылды.

Келесі кезең алдындағы жағдай

Турнир ережесіне сәйкес, «Семей» клубы 1/8 финалға жолдама алу үшін өз тобының алғашқы үштігіне енуі керек.

Келесі кездесу ертең, сағат 20:30-да Францияның «Этуаль» клубына қарсы өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір