29 қазанда Қазақстанның қос үздік клубы — «Қайрат» пен «Семей» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчтарына шығады.
Биылғы маусымда Қазақстанның чемпионы мен күміс жүлдегері «А жолымен» (Path A) өнер көрсетуде. Топтағы ең үздік үш команда 1/8 финалға жолдама алады.
Бірінші және екінші орын алғандар плей-офф кезеңінде жеңілірек қарсыласқа тап болады — олар не өз тобының үшіншісімен, не «B жолының» жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, осы маусымда 1/4 финал кезеңі қосылып, элиталық раунд алынып тасталды, бірақ Финал төрттік (Final Four) жүйесі сақталды.
Қазақстан чемпионы «Қайрат» өз ойындарын Хорватияда өткізеді. Команданың топтағы қарсыластары:
Матч: «Қайрат» – «Ново Вриеме»
Басталуы: 23:59
Тікелей эфир: Qazsport

Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері «Семей» Испанияда, соңғы маусымның чемпионының алаңында ойнайды.
Қарсыластары:
Матч: «Семей» – «Хрудим»
Басталуы: 20:30
Эфир: Qazsport — матч толық нұсқада сайтта, ал телеарнада «Барыс» ойынынан кейін көрсетіледі.

Өткен маусымда «Қайрат» финалға дейін жетсе, «Семей» элиталық раундта жарысты тоқтатқан болатын. Қазір Португалия, Испания, Қазақстан және Украина — УЕФА рейтингінде үздік төрттікке еніп, әрқайсысы екі клубтан қатыстыру құқығына ие.
Қазақстан футзалының тарихында «Қайрат» екі рет Чемпиондар лигасын (2013 және 2015) жеңіп алған жалғыз клуб болып отыр.