«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Қазақстанның үздік футзал клубтары — «Қайрат» пен «Семей» УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтті аяқтап, екеуі де плей-офф кезеңіне шықты.
«Қайрат» топта екінші орын иеленді
Алматылық «Қайрат» Португалияның «Спортинг», Косовоның «Приштина» және Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен бір топта өнер көрсетті.
Нәтижесінде алматылықтар 6 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты:
- «Қайрат» – «Приштина» — 4:1
- «Қайрат» – «Ново Вриеме» — 3:2
- «Қайрат» – «Спортинг» — 2:7
Бұл көрсеткіш «Қайратқа» плей-офф кезеңіне сенімді түрде жолдама алуға мүмкіндік берді.
«Семей» де үздіктер қатарында
Ал «Семей» командасы Испанияның «Пальма», Францияның «Этуаль» және Чехияның «Хрудим» клубтарымен күш сынасты.
Негізгі раунд нәтижесі бойынша семейліктер 3 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді:
- «Семей» – «Хрудим» — 9:5
- «Семей» – «Этуаль» — 3:4
- «Семей» – «Пальма» — 4:7
Дегенмен Чемпиондар лигасының А жолындағы ережелерге сай әр топтан үздік үш команда келесі кезеңге өтеді. Осылайша «Семей» де плей-офф жолдамасын иеленді.