Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үкімет басшысы Қазақстан спортын сынға алды

Сарапшы, спорт журналисі

Мемлекет бизнестен тек пайда емес, қоғамға пайда әкелетін бастамаларды күтеді.

Үкімет басшысы Қазақстан спортын сынға алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Үкімет отырысында осылай деген премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту ортақ міндет екенін айтты.

«Әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуы тиіс спорттың дамуы мемлекет басшысының үнемі назарында. Біздің міндет – халықтың спортпен қамтылу деңгейін арттырып, кәсіби спортшыларға лайықты жағдай жасау», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде еліміздің барлық өңірінде спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Ең басты мақсат – әрбір тұрғынға қолжетімді спорт алаңдарын көбейтіп, ауыл-аймақтарда да заманауи спорт нысандарын салу.

«Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамыту және тұрғылықты жерлерге жақын спорт алаңдарының желісін құру қажет. Сондай-ақ клубтар мен секцияларды дамытуды да назардан тыс қалдырмау керек», – деді Бектенов.

Сонымен қатар премьер-министр жаңа нысандар салумен қатар, бар спорт ғимараттарын тиімді пайдалану мәселесіне де тоқталды.

«Мәселен, Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан «Жастар» стадионы бос тұр. Тұрғындар спорттық іс-шаралардың өтпейтініне, секциялардың жоқтығына шағымдануда. Бұл жүйелі бақылаудың әлсіздігін көрсетеді. Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктер нысандардың мақсатты әрі тиімді жұмысын қатаң бақылауға алуы тиіс», – деді ол.

Соңғы жылдары спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, былтыр 90 жаңа нысан пайдалануға берілсе, оның 61-і ауылдық жерлерде салынған.

«Бұл – өте маңызды көрсеткіш. Биыл тағы 102 нысан пайдалануға беріледі», – деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Бектенов мемлекеттік қаржыны үнемдеу мақсатында әкімдіктерге жеке инвестиция тарту және үлгілік жобаларды кеңінен пайдалану қажеттігін еске салды.

«Мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп отыр. Енді бизнестен де әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытуда жауапты қадамдар күтеміз», – деді премьер-министр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір