Қазақстанның үздік дзюдошылары Абу-Дабиде ел намысын қорғайды

Сарапшы, спорт журналисі

Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрама тізімі жарияланды.

Қазақстанның үздік дзюдошылары Абу-Дабиде ел намысын қорғайды
ҚДФ

Халықаралық дзюдо федерациясы Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Аталған додада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама тізімі:

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан 
  • 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов
  • 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
  • 90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков
  • 100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
  • 100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Абиба Әбужақынова
  • 57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева
  • 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Турнир 28-30 қараша аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір