Өзбекстандық футболшы Мәскеуде есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Мәскеуде Медиалигада өнер көрсететін жартылай қорғаушы Артур Закиев есірткі сату ісі бойынша қолға түсті. 

Өзбекстандық футболшы Мәскеуде есірткімен ұсталды (ВИДЕО)
instagram/@mash_na_sporte

Оқиға жайлы ақпарат Sport Baza Telegram-арнасында жарияланған. Онда Закиевтің шамамен 1,5 миллион рубль алғаны, кейін бұл қаржыны белгісіз препараттың ампулаларына айырбастап, оларды басқа адамға жеткізуі тиіс болғаны айтылады.

Жазбада келтірілген дерек бойынша, спортшының өзі «өмірлік маңызды дәрілерді тасымалдап жүрмін деп ойладым» деген түсініктеме берген. Қазір ол тергеу изоляторында екені хабарланды.

Артур Закиев 22 жаста. Әртүрлі жылдары:

  • Өзбекстанның «Бухара» клубында,
  • Красногорскінің «Зоркий» командасында,
  • Ульяновскінің «Волга» клубында,
  • Медиалигадағы «СКА-Ростов» сапында ойнаған.

Айта кетейік, Закиевтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстанның қос азаматтығы бар екені көрсетілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір