Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстанда өткен турнирде топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі

Еліміздің қоржынына төрт алтын кірді.

Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстанда өткен турнирде топ жарды
ҰОК

Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Ел намысын қорғаған отандастарымыз жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте бес бірдей медальға қол жеткізді.

Ұлттық құраманың жүлде қоржынына төрт алтын және бір күміс медаль түсті. Бұл нәтиже қазақстандық ауыр атлеттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Атап айтқанда, 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақмолда Сайрамкез қарсыластарын артта қалдырып, алтын жүлдені иеленді. 77 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали да үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Әйелдер арасында 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сания Орманбаева чемпион атанса, 86 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Ақерке Байманап та алтын медальді жеңіп алды.

Сондай-ақ 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Марта Давлетиярова тартысты бәсекеде екінші орынға тұрақтап, күміс жүлдені Қазақстан қоржынына қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір