Милан-2026 қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 ақпанда «Сан-Сиро» стадионында өтеді.
ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев Қоғамдық кеңес отырысында ашылу рәсімінде Қазақстан туын ұстайтын спортшылардың есімдерін атады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Олимпиаданың ашылуында Қазақстан байрағын:
Денис Никиша (шорт-трек, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері) мен Яна Хан (халықаралық дәрежедегі спорт шебері) көтеріп шығады.
Нұрлан Есембаевтың айтуынша, дәл осы екі спортшыға ел намысын ашылу салтанатында көрсету міндеті сеніп тапсырылған.
30 жастағы Денис Никиша — шорт-тректен 500 метр қашықтықта өткен әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (2024, 2025).
Ал 25 жастағы Яна Хан — 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында эстафеталық бағдарламада күміс медаль жеңіп алған.
Есембаев Милан-2026 Олимпиадасына Қазақстан атынан 35 спортшы қатысатынын да мәлімдеді. Оның айтуынша, құрамда ең көп өкіл:
Аймақтар бойынша спортшылар саны