Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатына қатысады

Сарапшы, спорт журналисі

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ресми тізімі жарияланды.

Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатына қатысады
Михаил Шайдоров. Фото: ҰОК

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.

Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында орналастырылған. Аталған тізімге сәйкес, қазақстандық спортшылар жарыстың бірнеше бағдарламасында ел намысын қорғайды.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Қазақстан атынан Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников өнер көрсетеді. Ал Никита Кривошеев пен Артур Смагулов қосалқы құрамға енгізілген.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста қазақстандық жанкүйерлер Софья Самоделкина мен Амира Ирматованың өнерін тамашалай алады.

Мұздағы би бағдарламасында ел намысын Гаухар Наурызова – Бойсангур Датиев дуэті қорғайды. Бұл жұп соңғы маусымдарда халықаралық ареналарда тұрақты өнер көрсетіп келеді.

Айта кетейік, Төрт құрлық чемпионаты 21–25 қаңтар аралығында өтеді. Аталған жарыс Азия, Америка, Африка және Океания елдерінің үздік мәнерлеп сырғанаушылары бас қосатын беделді халықаралық турнир саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір