World Boxing ұйымының басшысы әрі ҰОК президенті Геннадий Головкин ресми сапармен Өзбекстанға барды.
Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Instagram парақшасында Головкинмен түскен ортақ суретін жариялады. Фотода сондай-ақ Өзбекстан бокс федерациясының президенті Шохид Тиллабоев та бар.
Жазбаға "Өзбекстанға қош келдіңіз!" деген қысқа әрі жылы лебіз қалдырылған.
Мәліметке сәйкес, Геннадий Головкин 25 қаңтарда Өзбекстан астанасына ұшып барған. Ол бүгін өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің (OCA) 46-шы Бас Ассамблеясына қатысқан.
Сонымен бірге қазақстандық танымал спорт қайраткері Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен де кездескені айтылды.