Swat Challenge халықаралық жарысында ел атынан бес арнайы жасақ өнер көрсетеді.
Биыл Swat Challenge халықаралық жарысына Қазақстан атынан бес команда қатысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Халықаралық додада еліміздің күштік құрылымдарының арнайы жасақтары сынға түседі. Атап айтқанда:
Swat Challenge турнирі 7–11 ақпан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтеді. Былтыр Қазақстан атынан қатысқан "Сұңқар" арнайы жасағы жалпыкомандалық есепте 470 ұпай жинап, екінші орынға ие болған еді.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хатшысы Шұғыла Тұрлыбектың айтуынша биылғы жарыстың ерекшелігі – құқық қорғау органдары атынан бөлек-бөлек команда емес, Қазақстан атынан нақты іріктелген құрамалардың қатысуы.
"Биылғы жылдың ерекшелігі — құқық қорғау органдары атынан бөлек-бөлек команда емес, Қазақстан атынан нақты іріктелген құрамалардың қатысуы. Олар — ерлер құрамасы және әйелдер құрамасы. Биыл қатысатын командалардың саны өте көп, әйелдер арасында 12 команда өнер көрсетеді деп күтілуде. Біз өз қызметкерлерімізге сәттілік тілейміз", — деді Шұғыла Тұрлыбек.