Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

6–22 ақпан аралығында Милан қаласында және Италияның солтүстігіндегі бірнеше өңірде XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді.

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
Сурет: ашық дереккөзден

Алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы жүлде үшін бақ сынайды. Ұлттық құраманың алғашқы өкілдері жарыс жолына 7 ақпанда шығады. Бұл күні қазақстандықтар шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден медальдар сарапқа салынады.

Ашылу және алғашқы жарыстар

6 ақпан

  • 23:50 — Ашылу салтанаты

7 ақпан

  • 17:00 — Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер)
  • 20:00 — Конькимен жүгіру, 3000 м (әйелдер)

Негізгі жарыс күндері

8–10 ақпан аралығында қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биатлон, шорт-трек, фристайл-могул және мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстарға қатысады.

Осы күндері ерлер мен әйелдер арасындағы скиатлон, биатлон эстафетасы, спринттер мен алғашқы іріктеу кезеңдері өтеді.

1114 ақпан

Бұл күндері фристайл-могул, тау шаңғысы, биатлон, шаңғы қоссайысы және мәнерлеп сырғанаудан жүлделер сарапқа салынады. Сондай-ақ командалық эстафеталар мен параллельді могул сайыстары жоспарланған.

1518 ақпан

Олимпиаданың екінші жартысында шорт-трек, фристайл-акробатика, тау шаңғысы және шаңғы жарысындағы шешуші кезеңдер өтеді. Қазақстандықтар бірнеше финал мен медальдық жарыстарда бақ сынайды.

1921 ақпан

Биатлондағы масс-старттар, конькимен жүгірудегі қашықтықтар, фристайл-акробатика және шаңғы жарысындағы ең ұзақ қашықтықтар (50 км) осы күндерге жоспарланған.

Қорытынды күн

22 ақпан

  • 14:00 — Шаңғы жарысы, 30 км (әйелдер, масс-старт)
  • 23:50 — Жабылу салтанаты

Айта кетейік, бұл Олимпиада Қазақстан үшін қысқы спорттағы ең ауқымды қатысулардың бірі болмақ. Ұлттық құраманың бірнеше спортшысы жүлде үшін нақты үміткер саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір