Футзалдан Азия кубогы: Иран – Өзбекстан матчында 11 гол соғылды
Индонезияда өтіп жатқан футзалдан Азия кубогының ширек финалында Өзбекстан құрамасы Иранға жол берді. Ойын өте нәтижелі өтіп, қос команда 11 гол соқты.
Өзбекстан қарсыласына 7:4 есебімен жол берді. Осылайша Азияның қазіргі чемпионы саналатын Иран құрамасы жартылай финалға өтті.
Жартылай финалдағы жұптар:
- Иран – Ирак (Ирак 1/4 финалда Таиландты 4:2 есебімен жеңді)
- Жапония – Индонезия (Жапония ширек финалда Ауғанстанды 6:0 есебімен ойсырата ұтса, Индонезия Вьетнамнан 3:2 есебімен басым түсті)
Еске салайық, Өзбекстан топта мынадай ойындар өткізді:
- Жапониядан ұтылды — 1:2
- Австралияны жеңді — 4:2
- Тәжікстанмен тең ойнады — 0:0
Иран — Азиядағы ең титулды құрама. Команда 13 рет Азия чемпионы атанған. Ал Жапония құрамасы бұл турнирде 4 мәрте чемпион болған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet