"Тұран" Чемпиондар лигасын ірі жеңіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Түркістанның "Тұран" волейбол клубы Қазақстан атынан CAVA Women’s Champions League турнирінде өнер көрсетіп жатыр.

"Тұран" Чемпиондар лигасын ірі жеңіспен бастады
instagram/@volleyfederationkz

Турнир форматы және “Тұранның” тобы

Әйелдер командалары арасындағы Орталық Азия Чемпиондар лигасының алғашқы тарихи маусымы 4–10 ақпан аралығында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтіп жатыр. 

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық клуб “А” тобына түсті. Бұл топта “Тұранға” турнир қожайындарының “Вамко” командасы және Шри-Ланканың “Хирдарамани” клубы қарсылас атанды.

“Тұран” турнирдегі алғашқы ойынында шри-ланкалық “Хирдараманимен” кездесті. Матч толықтай қазақстандықтардың басымдығымен өтіп, 3:0 есебімен аяқталды:

  • 25:11
  • 25:8
  • 25:20

Осылайша “Тұран” жарысты сенімді түрде бастап, топтағы жағдайын нығайта түсті.

Келесі кезеңге кімдер өтеді?

Регламентке сәйкес, әр топтан үздік екі клуб плей-офф кезеңіне жолдама алады. Онда командалар AVC Чемпиондар лигасына берілетін жалғыз жолдама үшін таласады. Бұл турнир сәуір айының соңында Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір