Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 36 спортшы қатысады. Жалпы, Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы олимпиада ойындарында әлемнің 93 елінен 3500-ден астам спортшы бақ сынайды.
Италияда өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары қатысушыларына, соның ішінде қазақстандық спортшыларға арнайы әлеуметтік қолдау көрсетілмек. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) спортшылар комиссиясының төрайымы Эмма Терхо мәлімдеді.
ХОК шешіміне сәйкес, Олимпиадаға қатысушы әр спортшы:
Ал кішкентай балалары бар спортшыларға қосымша қолдау ретінде тегін памперс жиынтығы табысталады.
"Спортшыларға шектеулі коллекциядағы смартфондар, тұрғын үйге 500 долларлық сертификат беріледі. Егер олардың кішкентай балалары болса, тегін памперс жиынтығы да беріледі", — деді Эмма Терхо.
Айта кетейік, Олимпиада-2026 ойындарының:
Айта кетейік, Олимпиада аясында 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 36 спортшы қатысады.