Былтыр қарашада ғана атақты баскетболшы NBA тарихына есімін алтын әріппен жазған еді. Араға бірнеше ай салып жаңа рекорд орнатты.
"Лос-Анджелес Лейкерс" командасының көшбасшысы Леброн Джеймс NBA тарихында жаңа рекордтың авторы атанды. Тұрақты чемпионаты аясында өткен "Филадельфия Сиксерс" — "Лос-Анджелес Лейкерс" кездесуінде (115:119) америкалық спортшы 17 ұпай, 10 нәтижелі пас берді. Осылайша, нәтижелі пас пен ұпайдан дабл-дабл тіркеген NBA тарихындағы ең егде баскетболшы атанды.
StatMuse мәліметінше, Леброн Джеймс аты аңызға айналған Джон Стоктонды басып озды.
Ағымдағы маусымда Леброн Джеймс:
Былтыр ғана Америкалық баскетбол жұлдызы Леброн Джеймс NBA тарихына тағы да есімін алтын әріппен жазған еді. "Юта Джазға" қарсы кездесуге қатысу арқылы Леброн Джеймс NBA-да ең көп маусым өткізген ойыншы болды. Баскетболшы қатарынан 23 маусым ойнады.
ЛеБронның артынан келетін ең жақын көрсеткіш – Винс Картердің 22 маусымы. Одан кейінгі орында – 21 маусым ойнаған аңыз баскетболшылар: