"Тұран" Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Мальдив аралдарында волейболдан Орталық Азияның тұңғыш Чемпиондар лигасы жалғасып жатыр. 

"Тұран" Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты
instagram/@vc.turan_turkistan

Екі матч – екі "құрғақ" жеңіс

"Тұран" турнирдің алғашқы ойынында Шри-Ланкадан келген "Хирдараманиді" 3:0 есебімен ойсырата ұтқан. Одан кейін қазақстандық клуб алаң иелері "Вамконы" да қиналмай жеңді: 3:0 (25:21, 25:8, 25:8)

Осы нәтижеден кейін түркістандық команда А тобын бірінші орынмен аяқтады.

Жартылай финал қашан өтеді?

Турнир кестесіне сай "Тұран" 9 ақпанда жартылай финалда В тобының екінші командасымен кездеседі. Қарсылас әзірге нақты анықталған жоқ.

В тобында негізгі фаворит ретінде Иранның "Фулады" аталып отыр. Ал Өзбекстанның "Хумо" клубы екі рет жеңіліп, плей-офф мүмкіндігінен айырылды.

Қазіргі жағдайға қарағанда "Тұранның" келесі қарсыласы "Непал Полиса" мен жергілікті "Хураа Комьюнити" арасындағы ойыннан кейін белгілі болуы ықтимал.

Турнирдің басты құндылығы қандай?

Еске салайық, Орталық Азия Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен команда өз еліне биыл AVC Чемпиондар лигасына (Азия волейбол конфедерациясы) қатысу үшін ресми квота алып береді. Яғни бұл турнир — жай ғана жүлде үшін емес, құрлықтық деңгейге шығатын нақты жолдама үшін өтуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір