Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша отандасымыз 92,94 ұпай жинады.
Милан қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей жарыс басталды. Қазақстан намысын бұл сында Михаил Шайдоров қорғап жатыр.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 92,94 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған үздік 24 спортшының қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алуға мүмкіндік берді. Осылайша Шайдоров медаль үшін күресті жалғастырады.
Бірінші жарыс күнінен кейін көш басында америкалық Илья Малинин келеді — 108,16 ұпай. Екінші орында француз Адам Сяо Хим Фа (102,55), ал үшінші сатыда италиялық Даниэль Грассль (93,46) орналасқан.
Михаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол — Қазақстандағы мәнерлеп сырғанаудың көшбасшы спортшыларының бірі.
2025 жылы Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленіп, Сеулде ұйымдастырылған Төрт құрлық чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Спортшының өзге де жетістіктері:
Шайдоров тарихта алғаш рет үштік аксель мен төрттік тулуптан құралған каскадты орындаған мәнерлеп сырғанаушы ретінде тіркелді (Grand Prix de France-2024). Сонымен қатар 2024 жылғы Гран-при финалында үштік аксель – ойлер – төрттік сальхов каскадын сәтті орындады.
Милан Олимпиадасы — Михаил Шайдоровтың мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары.
Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді. Сол күні Олимпиада-2026 жүлдегерлері анықталады.