Қазақстандық могулшы қыздар Олимпиада финалында өнер көрсетті
Аяулым Әміренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко финалдық раундта сынға түсті.
olympic.kz
Әйелдер арасындағы алғашқы финалда 20 спортшы бақ сынады. Жүлде үшін күресті жалғастыру үшін қатысушыларға үздік сегіздікке (топ-8) ену қажет болды.
Қазақстандық спортшылардың нәтижесі:
- Юлия Галышева — 72,34 ұпай
- Анастасия Городко — 72,15 ұпай
- Аяулым Әміренова — 68,47 ұпай
Алайда бұл көрсеткіштер топ-8-ге енуге жеткіліксіз болып, қазақстандық могулисттер суперфиналға өте алмады.
Соған қарамастан Қазақстан құрамасы үшін Олимпиада бағдарламасы мұнымен аяқталған жоқ. 14 ақпанда параллельді могул сайысы өтеді. Спортшыларымыз үшін реванш алып, нәтижені жақсартуға тағы бір мүмкіндік бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet