Олимпиада-2026: Қазақстанның үш үміті финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Милан және Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарындағы әйелдер арасындағы фристайл-могул жарысында үш қазақстандық финалға жолдама алды. 

Олимпиада-2026: Қазақстанның үш үміті финалға шықты
Спортты дамыту дирекциясы

Екінші іріктеу: үш қазақстандық та топ-10-ға кірді

Финалдық кезеңге жолдама алу үшін спортшыларға іріктеуде үздік ондыққа ену қажет болды. Екінші квалификацияда ең жоғары нәтижені Юлия Галышева көрсетті: 73.08 ұпаймен 5-орын алды.

Қалған қос спортшы да талаптан сүрінген жоқ:

  • Анастасия Городко — 71.52 ұпай, 7-орын;
  • Аяулым Әміренова — 68.98 ұпай, 10-орын.

Осылайша Қазақстаннан үш могулшы финалға өтті және жүлде үшін таласады.

Бірінші квалификацияда жағдай қалай болды?

Айта кетейік, 10 ақпанда өткен алғашқы іріктеуде қазақстандықтар бірден финалға өте алмады:

  • Городко — 12-орын,
  • Галышева — 14-орын,
  • Әміренова — 20-орын.

Әйелдер арасында фристайл-могул бағдарламасындағы бірінші және екінші финал 11 ақпанда өтеді. Басталу уақыты — 18:15 (Қазақстан уақытымен).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір