Олимпиада-2026: Қазақстандық шаңғышы үздіктер қатарына іліге алмады
Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың бесінші жарыс күні өтуде. Әзірге еліміздің қоржынында жүлде жоқ.
Сурет: спортшының жеке парақшасынан
Қазақстандық спортшы Шыңғыс Рақпаров Миланда (Италия) өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында сәтсіз өнер көрсетті.
Шаңғы қоссайысы бойынша жарыста ол трамплиннен секіру кезеңінде 87.9 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады.
Бұл сында үздік үштікке енген спортшылар:
- Кристян Ильвес (Эстония) – 132.6 ұпай;
- Томас Реттенеггер (Австрия) – 128.9 ұпай;
- Ямамото Рёта (Жапония) – 127.8 ұпай.
Айта кетейік, шаңғы қоссайысы трамплиннен секіру мен шаңғы жарысын біріктіреді. Қорытынды нәтиже екі кезеңдегі көрсеткіштердің қосындысы бойынша анықталады.
Шыңғыс Рақпаров Норвегияда жаттығып, сонда тұрады. Спортшы Алматы қаласының тумасы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet