Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо жуырда жетінші Олимпиада алтынын иеленді.
Милан мен Кортинода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи сәт тіркелді. Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Олимпиада ойындарында жетінші алтын медалін жеңіп алды. Осылайша, 29 жастағы спортшы қысқы спорт тарихындағы ең табысты атлеттердің қатарына қосылды.
Йоханнес Клебо Олимпиада ойындарында бұған дейін мынадай жарыс түрлерінде алтын медаль иеленді:
Алтын медаль саны бойынша абсолютті рекорд норвегиялық спортшыларға тиесілі. Бьорн Дэли, Марит Бьорген және Уле-Эйнар Бьорндален Олимпиадада сегіз алтыннан жеңіп алған. Клебоға бұл көрсеткішті қайталау немесе жаңарту үшін небәрі бір алтын жетіспейді.
Йоханнес Клебо қазіргі шаңғы спортының басты жұлдыздарының бірі саналады. 2026 жылғы Олимпиададағы жетістігі оның тарихи рекордқа жақындай түскенін көрсетті.